Пелоси Тайваньнан кетті

Пелоси Тайваньнан кетті
Фото: ©REUTERS

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньнан кетті. Тайбэй халықаралық әуежайынан түсірілген тікелей эфирді Reuters агенттігі ресми YouTube-арнасында жариялады, - деп хабарлайды Reuters.

Пелоси мінген ұшақ Тайбэй халықаралық әуежайынан ұшып, Оңтүстік Кореяға бет алды.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

АҚШ Тайваньнан бас тартпайды - Пелоси

Ж. Қадыржанова