Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер 4, 5 және 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Солтүстік антициклон жотасы республиканың солтүстік жартысына ықпал етеді, сондықтан алдағы күндері солтүстік аймақтарда жаңбыр жаумайды, шуақты, түнде салқын болады.

"Атмосфералық фронталь бөлімдер біртіндеп оңтүстікке қарай жылжып, орталықта, шығыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын болуына ықпал етеді, таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жауып, қатты жел болады деп болжанады", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы: күндіз батыста +28 +34°С, оңтүстік-батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +25 +33°С, солтүстікте, шығыста +22 +28°С, орталықта +20 +25°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +28 +35°С, тауға жақын +22°С болады.

Ж. Қадыржанова