Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше, 2 тамызда сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Күйші Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама алған.

"Құтқарушылар келгенде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шеккендерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қалыпты", - деді департамент.

Г. Досымшалова