"700-ден 19 мың оқырманға дейін". Тойда билеген қыздың видеосы TikTok-ты "жарды"

Тойдағы биші мен қонақ арасындағы батл көрінетін видео TikTok-та 9 миллион қаралым жинаған, - деп хабарлайды TengriMIX

Қыз ұзатуда би батлына шыққан қыз той қонақтарын ғана емес, Желі қолданушыларын да тәнті еткен. Видеодан қонақтар мен кәсіпқой бишілер арасында би жарысы өткені көрінеді. Биші қыз белсенді өнер көрсетеді. Бірақ оның қарсыласы да осал емес екен. Өйткені екінші болып өнер көрсеткен қыз бимен кәсіби түрде айналысады.

Бұл ролик TikTok-та 9 миллионнан аса қаралым жинаған, оған 890 мыңнан астам лайк басылып, бес мыңға жуық пікір жазылған.

@zhakupovaf обожаю казахские тои? #рек #батл #waacking #fyp #той ♬ Love You So - The King Khan & BBQ Show

Видеодағы қыз - 23 жастағы Фариза Жақыпова. Ол көптен бері бимен айналысады.

"5 жасымнан 16 жасқа дейін халық билерін биледім, содан кейін waacking, vogue, high heels биледім. Қазір кәсіби түрде айналысамын, яғни сабақ беремін, конкурстарға, би жобаларына шығамын", - дейді ол.

@zhakupovaf «Мы должны считать потерянным каждый день, в который мы не танцевали хотя бы раз…» Фридрих Ницше? #танец #шагвперед #рек #highheels #hiphop #jazzfunk #vogue ♬ оригинальный звук - baby shark

Фариза 2022 жылғы маусымда Қостанайда өткен қыз ұзатуда қонақ болған. Сол жерде видеоға түсірілген би жарысы өткен.

"Байқаудың шарты бойынша бишілер өз стилінде билейді, ал қонақтар оларды қайталауы керек еді. Мені вакинг билейтін қыз таңдап алды", - дейді Фариза.

Оның сөзінше, видео бұлай тарап кетеді деп ойламаған.

"Видеоны жүктегенде, "жарады" деп ойламадым. Басында таңғалдым, телефонға келетін хабарландырудың шегі болмады. Бірақ бұған қатты қуаныштымын, бірінші рет мұндай болып тұр!"- дейді ол.

Қыз танымалдықтың тағы бір артықшылығы TikTok-тағы оқырмандар саны артуы екенін атап өтті.

"700 оқырман болды, қазір 19 мың. Бірнеше ұсыныс түсті. ...Тағы бір жас жігіт продюсер болуға ұсыныс тастады, әзірге тек ақылдасып жатырмыз", - деп қорытындылады Фариза.