Ақтөбелік тұрғынның көлігінен тапанша табылды

Ақтөбелік тұрғынның көлігінен тапанша табылды
Фото: "Диапазон"

Ақтөбелік тұрғынның көлігінен тапанша табылды. Ол қаруды көліктің жолаушылар орындығына жасырған, - деп хабарлайды "Диапазон"

20 шілдеде Ақтөбеде полицейлер 30 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mitsubishi Galant көлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде жолаушылар орындығынан "Стражник-18*45Т" травматикалық тапаншасы және 2 оқ-дәрі тәркіленген.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу басталып, тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова