Екібастұзда целлофанға оралып жатқан ер адам жұртты шошытты

Екібастұзда целлофанға оралып жатқан ер адам жұртты шошытты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Екібастұзда целлофанға оралып жатқан ер адам жұртты шошытты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз тұрғыны таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шыққан. Қала тұрғыны Мұхтар Әуезов көшесіндегі үй ауласынан целлофанға оралып жатқан ер адамды көрген. Одан ешқандай тіршілік белгілері байқалмаған. Осылайша, қала тұрғыны бірден полицияға хабарлауға асыққан. Ол телефоны болмаған соң жақын жерде орналасқан автотұрақ қызметкерлерінен полицияға хабарлауды сұраған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде кенет "қайтыс болды" деп ойлаған ер адам орнынан тұрып, жүгіре жөнелген. Ведомство мәліметінше, ол бір күн бұрын ішімдікті көп ішіп қойған. Сөйтіп, үйіне жете алмай, жерден целлофан тауып алып, "жаңбырдан қорғанамын" деп оны үстіне жауып алып, ұйықтап қалған.

Ж. Қадыржанова