Емтиханды сәтті тапсырған студент жүрегі жарылып өлді

Мысырда 22 жастағы студент инфарктіге шалдығып, ауруханада қайтыс болды. Ата-анасының айтуынша, қайғылы оқиға университетті бітіру емтихандарын сәтті тапсырғанын білген соң болған, - деп хабарлайды Mirror.co.uk.

Басылым мәліметінше, 22 жастағы Мубарак Хусейн Сайед Абдель-Джалил Египеттің Кена қаласындағы Оңтүстік алқап университетінің жаратылыстану факультетінде оқыған. Ол емтихан тапсырғаннан кейін қорытынды баға алған. Студент конвертті ашқан кезде, толқып кеткен. Кейін ол кеудесі ауырсынғанын сезген кезде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Ал дәрігерлер оның инфаркт болғанын анықтаған.

Студент геолог мамандығы бойынша Оңтүстік алқап университетінің 4-курсын аяқтаған.