"Дайын балаға келіп жырпылдағандары бес тиын". Жанар Айжанова немересіне қатысты сұраққа нүкте қойды

Белгілі әнші Жанар Айжанова Instagram-парақшасында қызы Айжұлдыздың отбасылық өмірі туралы айтып, оқырманына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші қызының кішкентай кезіндегі видеосын жариялаған.

"Мама, ана қыздарға "кет" деші, ұршы қыздарды" дейді Айжұлдыз. Екі жарым жаста ғой деймін. Тап Сылдырмақтың қазіргі түрі мамасының осы кезінен айнымайды", - делінген жазбада.
 

Пікір білдірушілердің бірі әншіден жиенін әкесінен айырмауды сұраған.

"Айжұлдызды жалғыз өсірдіңіз, қиыншылығын көрдіңіз. Алла сізге қуат берсін. Сылдырмақты әкесінен айырмаңызшы", - деп жазған Желі қолданушысы.

Жанар Айжанова отбасылық кикілжіңнің мән-жайын айтқан.

"Ешкім де айырған жоқ, оны соның шешесіне айт, маған емес. "Ішіңдегі бәле өлсін, тусаң өзің үшін ту, маған бәрібір" деп есіктің алдына әкеліп, қызымды лақтырып кеткен безбүйрекке айт. "АХАЖ-ға тұрмаймыз, туған баланы тек асырап алып отырамыз" деген көргенсізге айт. Айжұлдыз қарны қампиып, тоғыз айында соқырішек болып ота жасатып жатқанда, ат ізін салмаған, өз ұрпағына өздері өлім тілеп, "керек емес" деген солардың опасыз отбасына айт. ...Алланың берген нығметі деп бергенін қағып алып, бағып отырмын. ...Бізден жазық жоқ, бүлдірген солар. Енді дайын балаға келіп жырпылдағандары бес тиын маған. Менің балам, маған Алла берді бұл балдырғанды", - деп жауап берген әнші.

Айта кетейік, Қыран Талапбек Қуаныш Шонбайдың подкасында ажырасуына қатысты пікір білдірген болатын. 

"Үйлендім, ажырастым. Отбасы бола алмадым. Иә, үйлендім. 3 жыл жақсы көрген қызға үйлендім. Бақытты 3 жылдан кейін үйлендім. Бірнәрсе айтқым келеді. Үлкен мәселе бар. Интернетте "бұл баласын тастап кеткен" деп жазған. Мен ешқашан баламнан бас тартқан емеспін. Әрдайым бағуға, көмектесуге, жағдайын жасауға дайынмын. Мүмкіндігім жетеді. Өсіп кеткен әңгімеден туды. Үндеген жоқпын. "Айтып алыңыздар, қойдым" дедім. Бірақ ешқашан бас тартқан емеспін", - деді Қыран Талапбек.