Нұр-Сұлтандағы концерт кезінде әнші Садраддинге тыңдармандары тап берген

Нұр-Сұлтандағы концерт кезінде әнші Садраддинге тыңдармандары тап берген

Қазақстандық әнші Садраддиннің (Садраддин Болат) Нұр-Сұлтандағы концерті көпшіліктің есінде қалары сөзсіз. Себебі концерт кезінде тыңдармандары әншіге тап берген, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

31 шілдеде елордадағы "Хан шатыр" сауда орталығында әнші Садраддин тегін концерт берген. Концертке әншінің көптеген тыңдарманы келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТРЦ "Хан Шатыр" Нұр-Сұлтан (@khanshatyr)

Концерттен түсірілген видео желіде кеңінен тарады. Бір видеода көпшілік өнер иесімен қосылып ән шырқаса, екінші видеода әншінің жеке заттарына тиісіп, бас киімі мен курткасын шешіп алып, денесін сипап көріп жатқандар да видеоға түсіп қалған.

Болған оқиғаларға қарамастан, Садраддин өнер көрсетуін жалғастырған. Желі қолданушылары әншінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Давай Сходим! Астана (@sxodim.astana)

Жас әнші Садраддиннің Instagram желісінде екі миллионнан аса оқырманы бар. Ол парақшасында Нұр-Сұлтандағы концертінен видео бөлісті, бірақ болған оқиғаға пікір білдірген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sadraddin Bolat (@sadraddinn)

Г. Досымшалова