"Қару мен пышақтар". Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды

Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

"Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты таулары Алмасай аймағында (13 айналым 88 орам) мемлекеттік номері жоқ автокөлікті тоқтатып, оны тексергенде мылтыққапқа салынбаған үш дана ойық ұңғылы мылтық (TIKKA T3 N-308, TIKKA T3x LITE, ВЕПР-308 ), екі дана пышақ, бір дана рация және арнайы контейнерге салынған ет және Сібір тау текесіне ұқсас аңның терісі табылды", - делінген хабарламада.

Көлікте болған үш ер адам ұсталды - олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы қаласының тумалары. 

Инспекторлар құқық бұзушыларды Ұйғыр аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды