"Құбыжық деп ойлаған". Ер адамдар итті қатыгездікпен өлтірген

Самарқанд облысы ауылдарының бірінде тұрғындар ауру итті аяусыз өлтірген. Олар оны құбыжық деп ойлаған, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

"Самарқанд облысы Ургут ауданы Испанза ауылында түсірілген видеода бір топ ер адам әбден азып-тозған жануарды күліп тұрып өлтіреді. Қатыгездікпен жасалған оқиғаның көріністері видеоға түсірілген. Олар заңды мемлекетте өмір сүріп жатқанын, онда жануарларды азаптау, өлтіру заңмен қудаланатынын ескермеген", - деп атап өтті зоотехниктер.

Видео әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған. Жүздеген адам ауыл тұрғындарының іс-әрекетіне наразы болған. Басылым мәліметінше, бұл құбыжық емес, демодекоз жұқтырған ит екен.

Демодекоз - кене шамадан тыс көбеюінен туындайтын, жиі кездесетін ауру. Емдемесе, иттің терісі түгел түседі.