Америкалық абсолют нокаутшының жекпе-жегінде дау шықты

Америкалық ең мықты проспектердің бірі Гэри Антуанн Расселл (16-0, 16 КО) мен кубалық Рансес Бартелеми (29-2-1, 15 КО) жекпе-жегі даумен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Супержеңіл салмақ аясындағы айқас Бруклиндегі Barclays Center шаршы алаңында өтті. Он раундқа есептелген жекпе-жек алтыншысында аяқталды. Рассел қарсыласын нокдаунға түсірді, Бартелеми бірден орнынан тұрып, есін жиып алды. Алайда төреші неге екені белгісіз, жекпе-жекті тоқтатып тастады. Алайда бұл шешім кубалық боксшы мен оның бапкерлерінің наразылығын туғызды.