Сербия мен Косово шекарасында қақтығыс болды - БАҚ

Сербия мен Косово шекарасында қақтығыс болды - БАҚ
Фото: eadaily

Негізінен сербтер тұратын Косово Республикасының солтүстік аймақтарында әуе шабуылының сиреналары қосылып, тұрғындар баррикадалар тұрғыза бастады, ал жергілікті полиция Сербияның орталық бөлігіндегі бақылау-өткізу пунктін жауып тастады. Бұл туралы "Вечерние новости" басылымы хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости мен RT арналары. The Jerusalem Post газеті Сербия мен Косово Республикасының шекарасында жергілікті қақтығыстар әлі де болып жатқанын, жергілікті тұрғындардың атыс дыбыстарын естігенін жазды.

Басылым мәліметінше, Приштина-Лепосавич тасжолында және Звекан қаласының маңында баррикадалар салынып жатыр.

"Сағат 18:00-ден кейін Косовск-Митровицеде әуе дабылы іске қосылды. Косово шекара полициясының жаңа базасы алдында, "Ярине" әкімшілік пунктінің жанында автомат асынған қарулы жасақ тұрғызылды", - деп жазды басылым.

Косово Республикасының полициясы Сербияның орталығына өтетін жол жабылғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, бақылау бекеттерін сербтер Косово аумағында серб құжаттарының жойылуына наразылық ретінде салған. Полиция мәліметінше, басқа шекара бекеттері әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

"18:15-тен кейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:15) Косовоның полиция қызметкерлері "Брняк" бақылау-өткізу бекетін жауып, осы арқылы облыс аумағынан көліктердің, жолаушылар мен жүктердің өтуіне тосқауыл қойды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, облыстың солтүстігіндегі "Ярине" бақылау-өткізу бекетінің алдында көліктерді өткізбеуге арналған колонналар тұрғызылған.

БАҚ мәліметінше, қаланың оңтүстік бөлігінде солтүстік жаққа апаратын көпірдің жанында 200-ге жуық албан жиналған. 

Jerusalem Post басылымы жергілікті тұрғындар атыс дыбысын естігенін, Сербия мен Косово шекарасында жергілікті қақтығыстар басталғанын, шіркеу қоңыраулары соғылғанын растады.

Жексенбі күні таңертең Сербия президенті Александр Вучич 1 тамызда Косово полициясы әскери операция бастайтынын және Белград берген жеке құжаттары бар азаматтардың кіруіне тосқауыл қоятынын айтқан. Сербия билігі Косово албан билігін бейбітшілікті сақтауға шақырып, сербтерге қарсы агрессивті әрекет жасаған жағдайда Сербия жеңетінін ескертті.

Г. Досымшалова