Скриптонит Алматыдағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады

Скриптонит (Әділ Жәлелов) Алматыдағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Концертімді қаңтар оқиғасы мен Украинада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен бастағым келеді", - деді рэпер.

Айта кетейік, Скриптониттің концерті Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Ол 2021 жылы ресейлік Apple Music-те "Жыл әртісі" деп танылған болатын.