Қыздарға қатал әке бола алмайсың - Самсон Аракелян

Қыздарға қатал әке бола алмайсың - Самсон Аракелян

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Астана" баскетбол клубының бас директоры, продюсер, Big Som лақап атымен өнер көрсететін рэп орындаушы Самсон Аракелян.

Ол баскетболға қалай келгені, шығармашылық неге жұмысына айнала алмағаны, 90-жылдардан қандай лайфхак шығарғаны, балалар спортын дамыту үшін Қазақстанға не қажет екені, сондай-ақ, қыздарын қалай тәрбиелейтіні және болашақта Жаңа Қазақстанды қалай көретіні туралы айтады.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 18:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, сағат 17:00-де "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан қарай аласыздар. Жоба серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.

Ж. Қадыржанова