Гонконгте концерт кезінде күтпеген жайт болды

Гонконгте белгілі Mirror тобының қойылымы кезінде бишілердің үстіне экран құлады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Жанкүйерлер жариялаған видеода экран қозғалып, оны ұстап тұрған кабельдің үзіліп, бишілердің біріне құлап түскені көрсетілген. Түрлі мәліметтерге қарағанда, топтың екі-үш мүшесі жараланған.

Бишілердің бірі ауруханада ауыр халде жатыр. Оқиғадан кейін шоу тоқтатылып, көрермендерден концерт залынан кету сұралған.