Гонконгте концерт кезінде күтпеген жайт болды
![Гонконгте концерт кезінде күтпеген жайт болды](/userdata/news/news_69998/image_l.png)
Фото:
ren.tv
Гонконгте белгілі Mirror тобының қойылымы кезінде бишілердің үстіне экран құлады, - деп хабарлайды РЕН ТВ.
Жанкүйерлер жариялаған видеода экран қозғалып, оны ұстап тұрған кабельдің үзіліп, бишілердің біріне құлап түскені көрсетілген. Түрлі мәліметтерге қарағанда, топтың екі-үш мүшесі жараланған.
Бишілердің бірі ауруханада ауыр халде жатыр. Оқиғадан кейін шоу тоқтатылып, көрермендерден концерт залынан кету сұралған.
Г. Досымшалова