"Құжаттағы суретімнен танымай қалады". Алматылық қыз қалай 50 келі салмақ тастағанын айтты

"Құжаттағы суретімнен танымай қалады". Алматылық қыз қалай 50 келі салмақ тастағанын айтты
Фото: TengriMIX

23 жастағы алматылық Динара Исатова қалай 50 келіге жуық салмақ тастағанын айтып берді, - деп хабарлайды TengriMIX.

Динара Исатова Tik Tok-парақшасында "дейін - кейін" форматындағы видео жүктеген, ол онда қалай өзгергенін көрсетеді. Видео жүзден аса пікір мен 19 мыңға жуық лайк жинаған.

Ол салмағы 121 келіге жеткенін айтты. Оның сөзінше, артық салмақты біртіндеп тастауға болады. Динара түрлі диетаны байқап көрген, кейде тіпті денсаулығына қауіп төндірген.

"Біріншісі ішуге арналған диета еді, яғни ештеңе жемедім, тек сұйықтық іштім. Осылай 28 күн жүрдім. 15 келі тастадым. Бірақ бір күні есімді жоғалтып, диетаны тастап кеттім. Салмағым апта ішінде қайта орнына келді. Қайта басқа диетаны көре бастадым", - деді.

@isatovaxx

♬ оригинальный звук - Кирилл

Динара Исатова бұрын дұрыс тамақтанбағанын жеткізді. Ол энергетикалық, газдалған тәтті сусындар ішкен.

"Байқап көрген диеталарды енді айта алмаймын. Себебі бұл психологиялық деңгейде өте ауыр және қиын болды", - дейді қыз.

@isatovaxx #переписка ♬ Made by NotLucyyy - Lucy

Динара диеталардың бірінен кейін салмағы 85 келіге жеткенде, өтінен тас табылып, ота жасау керек болғанын айтты.

"Операциядан кейін майлы, қуырылған тағамдарды, қант қосылған сусындарды тұтынбадым. Шамамен 4 ай бойы таразыға тұрмадым, салмағым кете бастады, бірақ содан кейін қайта қалпыма келдім", - дейді ол.

Содан кейін қыз белгілі бір диетаны таңдаған.

"Міне, салмағым 75 келіге дейін жетті. Мұның қалай болғанын түсінбедім, алдымен ойыңды ретке келтіру керек, реніш пен стресстермен күресу керек деп бекер айтылмайды", - деді қыз.

Динара құжаттарды ауыстыруға әлі үлгермегенін және кейде оны танымайтын жағдайлар болатынын айтты. Көпшілігі суреттердегі өзі екеніне сенбейді екен.

Қазір қыздың салмағы - 72 келі. Өзінің айтуынша, ішкі үйлесімділікке қолжеткізген.

@isatovaxx #переписка ♬ Why are car accounts using this sound - Lazy.media

Сұхбаттың толық нұсқасын TengriMIX сайтынан оқи аласыздар.

Ж. Қадыржанова