Желіде су басқан көшеде аяқкиімін іздеп жүрген баланы күткен жүргізушілердің суреті тарады

Ақтау жүргізушілері су басып жатқан көшеде аяқкиімін жоғалтып алған балаға аяқкиімін тауып алуға жағдай жасады. Оқиға куәгері бұл сәтті фотоға түсіріп, желіде таратты, - деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 28 шілдеде "Ақтау" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған. Суреттердің авторы бала көшеден өтіп бара жатқанда аяқкиімі аяғынан түсіп қалғанын, жаңбырдан кейін жиналған суда оны бірден табу мүмкін болмағанын айтады.

"Жол қиылысында бала аяқкиімін жоғалтып алды. Ол аяқкиімін іздеп бастағанда барлық жүргізуші тоқтап, табылғанша күтті", - дейді оқиға куәгері.