Көкшетауда банк менеджері клиенттің қомақты қаржысын құмар ойындарға тігіп жіберген

Көкшетауда банк менеджері клиенттің қомақты қаржысын құмар ойындарға тігіп жіберген

Көкшетауда банк менеджері клиенттің қомақты қаржысын құмар ойындарға тігіп жіберген, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 шілдеде Көкшетау қалалық полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ер адам банк шотындағы 310 000 теңгесі жоғалып кеткенін айтқан. Зардап шегуші банктегі ақшасын қандай да бір шотқа аудармағанын және алаяқтар да хабарласпағанын ескерткен. Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдарын қолға алды.

Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысқа күдікті 19 жастағы банк менеджерін анықтады.

"Ол биыл 14 шілдеде зардап шегушіге несие рәсімдеген. Қызметтік жағдайын пайдаланып, күдікті банктік ақпараттық жүйеде айла-шарғы жасау арқылы клиенттің жеке шотындағы 310 000 теңгені өзінің букмекерлік кеңседегі есеп-шотына аударған. Кейін ұрланған ақшаны ұтыс ойнына салып, одан ұтылып қалған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Г. Досымшалова