Күйеужігіттің анасы қалыңдықты ұсқынсыз деп тойды тоқтатқан

Күйеужігіттің анасы қалыңдықты ұсқынсыз деп тойды тоқтатқан
Фото: © pexels.com

Тунисте күйеу жігіт қалыңдығын той үстінде тастауға мәжбүр болған. Өйткені жігіттің анасы болашақ келінін ұсқынсыз деп санаған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым мәліметінше, күйеу жігіт той кезінде сүйіктісімен айырылысқан. Рәсімге дейін анасы болашақ келінін тек суреттерден көрген. Әйел қызды алғаш рет бетпе-бет көргенде, оның бойы тым қысқа әрі тартымсыз деп санаған. Сондықтан той тоқтатылған.

Қыз Желіде үйлену тойына дайындық үлкен шығын әкелгенін және оған қаржылай көмектесетін ата-анасы жоғын жазған. Ол жігіттің анасы рәсімді тоқтатуға мәжбүрлеген кезде таңғалғанын, енді адамдардың көзіне қарай алмайтынын, бәрі сыртынан өсектейтінін айтқан.

Желі қолданушылары қызды қолдап, жігітті сынға алған.

Ж. Қадыржанова