Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан оралды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысынан оралды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаев туған-туысқандары мен жақындарының ортасында Түркияда өткізген демалысынан оралды. Жасырын дереккөздердегі түрлі сұрақтарға қарамастан, демалыс кезінде Тұңғыш Президент шетелдік шенеуніктермен және бизнес өкілдерімен кездеспеді", - деді Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.