Линзаға арналған қорапта есірткі жасырған ақтаулық 11 жылға сотталып кетті

Линзаға арналған қорапта есірткі жасырған ақтаулық 11 жылға сотталып кетті
Фото: elements.envato.com

Линзаға арналған қорапта есірткі жасырған ақтаулық 11 жылға сотталып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz.

Іс материалдары бойынша, былтыр желтоқсанда жергілікті тұрғынды тінту кезінде оның оң қалтасынан психотроптық заттары бар жалпы салмағы 2,41 грамм альфа-пирролидиналерофенон, салмағы 1,67 грамм мефедрон және есірткі сақталған линзаларға арналған қорап табылған. 

Басылым мәліметінше, артынан полиция оның пәтерін тінтіп, онда төрт түйіншек және психотроптық заттары бар үш қаптама - жалпы салмағы 116,02 грамм альфа-пирролидин валерофенон табылды.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 279-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі кеше, 27 шілдеде күшіне енді. 

С. Сатыбалдина