Әнші Әміре күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев (Әміре) болашақта өзін бизнес әлемінен көретінін айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Әміре бұл мәлімдемесін Instagram парақшасында жасады.

Ол "5 жылдан кейін өзіңді қайдан көресің" - деген оқырман сауалына:

"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Бәрі Алланың қолында", - деді ол. 

Сондай-ақ, әнші тағы да халықаралық жарыстарда бағын сынауды жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ нақты қайсысы екенін нақтылаған жоқ.