Головкин - Канело трилогиясында тағы бір қазақстандық боксшы титулға таласады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің кардына жоспарланып отыр.

Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағы сарапқа салынады.