"Ол кінәлі емес". Блогер Айжан Байзақова жол апатына қалай ұшырағанын айтты

Кеше блогер Айжан Байзақова жол апатына ұшыраған еді. Кейінірек ол Instagram-парақшасында оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Бірдеңе дұрыс емес екенін байқадым. Оның көлігі зигзаг болып жүріп бара жатты. Тоқтауды ұйғардық, дәл сол сәтте жедел жәрдемге хабарластым. Басқаша істейтін уақыт болмады. Апат белгісін жағып, көліктен жүгіріп шығып, оның көлігін тоқтатайын дедік. Тез арада қандай көмек көрсету керегін есіме түсірдім. Кейін ол есінен танып, газды басып, бізді қағып кете жаздады. Жедел жәрдем тез келді. Оның жүрегіне байланысты проблема болды. Аллаға шүкір, бәрі аман. Осылай болуы керек шығар, ағайдың жағдайы жақсы екеніне қуаныштымын. Денсаулығыңызда кінәрат болса, мынадай ыстықта шықпаңыздар", - деді блогер.

Ол видеоны Желіге неге жариялағанын түсіндірді. 

"Ең бастысы, бәрі дін аман. Көбі менің көлігімді аяп, "неге тоқтадың?" деп жатыр. Демек, осылай болуы керек болған. Маңынан жай өтіп кетсем, өмір бойы ұйықтай алмас едім. Неге бұны түсіріп, жарияладым? Жанымыздан өтіп бара жатқан көбі жағдайды білместен, әдеттегідей "блогерлер геликпен қатты жылдамдықпен жүр" деп ойлап, видеоға түсіріп алып жатыр. Пікірлерді оқып, таңғалдым. Көбі "неге өліп қалмадың?" және неше түрлі жаман нәрсе жазған. Адамдардың зұлымдығында шек жоқ. ... Әрине, танымал болуды және адамдардың мені жек көретін жолды өзім таңдадым...", - деді ол.

Сондай-ақ, ол оқиғаның мән-жайын айтты.

"Бәрі өте тез болды. Көпшілігі не болғанын түсінбеген. Әл-Фараби бойымен келе жаттық. Фурмановпен қиылысар тұста бес сызық бар. Бесінші жолда көлік біртүрлі келе жатты. Әлихан екеуміз қарап, бірден жүргізушінің жүрегіне байланысты проблема барын, үлкен адам екенін түсіндік. Көбі "есікті неге жаппадың?" деп жатыр, ондай кезде адам үтікті өшірді ме, есікті жапты ма, білмейді. Ол кенет газды басты, есігіміз ашық тұрған. Тағы бір көлікке кірді, сол көліктегі қыз да көмектесуге шыққан. ...Ол адам кінәлі емес, оның жағдайы жақсы болмады...", - деді Байзақова.