Қазақстандықтар қаржы жағдайына көңілі тола ма?

Қазақстандықтар қаржы жағдайына көңілі тола ма?

Халықтың өмір сүру сапасын зерттейтін сауалнама нәтижесі қаржылық жағдайына көңілі толмайтындар саны артқанын көрсетті, - деп хабарлайды ranking.kz.

Басылым мәліметінше, қаржылық жағдайына қанағаттанатындардың үлесі бір жылда 56,3 пайыздан 64 пайызға дейін өскен. Қаржылық жағдайына көңілі толмайтындар үлесі бір жыл ішінде өзгерген жоқ (0,6 пайыз), ал жауап берушілердің 3,3 пайызы бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

Отбасының экономикалық жағдайына толық қанағаттанатындар үлесі де бір жыл ішінде - 44,1 пайыздан 34,7 пайызға төмендеді, ал ішінара қанағаттанғандар үлесі 52,8 пайыздан 63 пайызға өскен. Отбасының экономикалық жағдайына қанағаттанбағандар үлесі бір жылда 1,1 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендеді, тағы 1,8 пайызы жауап беруге қиналған.

Елді мекен бойынша қаржылық жағдайына толық қанағаттанатындардың үлесі қалаға қарағанда ауылда жоғары. 

Сондай-ақ, ерлер арасында қаржылық жағдайына толық қанағаттанатындардың үлесі әйелдерге қарағанда жоғары: 35,9 пайыз және 29,5 пайыз. Ерлер мен әйелдердің арасында қанағаттанбағандардың үлесі бірдей: 0,6 пайыз.

Жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша қаржылық жағдайына қанағаттанғандардың ең көп үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында байқалды: 35,7 пайыз. 

Материалдық жағдайына көңілі толмайтындардың үлесі жұмыссыздар арасында 2 пайыз, жалдамалылар арасында 0,4 пайыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 0,3 пайыз болды.

Г. Досымшалова