Алматыда кран құлап, бір адам қаза болды

Алматыда тұрғын үй ауласының ортасында құрылыс краны құлап, салдарынан адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"20 жылдан аса уақыт бойы аулада құрылыс жүріп жатыр. Біз қанша рет жаздық, тоқтатып тастады, содан кейін қайта бастады. Мұнда кран тұрды. Кранның бір бөлігі үйлерге қарсы тұрды. Бізге түсе ме деп қорқып, бірнеше рет жаздық. Міне, кран құлады. Адам қаза болды. Ол кран астында қалып қойған", - дейді жақын маңдағы үй тұрғыны.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан құрылыс қызметкерлерінің бірі қаза тапқан.

"Ол - жұмысшы, ал кран құрылыс алаңына құлады. Дәл олардың қоршауының маңында ойын алаңы бар, онда балалар дәл сол кезде ойнап жатты. 20 минут бұрын болды. Жедел жәрдем келді. Бір адам жарақат алды, оған көмек көрсетілді, басын таңып тастады. Өкінішке қарай, екіншісін құтқара алмады... Бәрі түсінікті. Мұның бәрі біздің көз алдымызда, аулада болды", - деді тұрғындардың бірі.

Алматы Полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады.

"Бүгін сағат 17.42-де құрылыс нысанының слесары, 1989 жылы туған Б. есімді азаматқа кран құлап, қаза болғаны туралы хабарлама келді. Қазір жедел-тергеу тобы тергеуге кірісті. Сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді құқық қорғау органдары өкілі.