Дәрігер қан сұйылтатын сусындарды атады

Дәрігер қан сұйылтатын сусындарды атады
Фото: © elements.envato.com

Қою қан тамырлардың бойымен дұрыс айналмайды әрі ол ұйып қалуы мүмкін. Диетолог Маргарита Королева бұған жол бермеу үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керегін айтты, - деп хабарлайды "Мосвка 24".

Бірінші кезекте қарапайым, газдалмаған су ішу қажет, ол қан ұюын болдырмайды. Қан тым қою болса әрі бұл зертханалық түрде расталса, рационға анар шырынын қосу керек.

"Оның құрамында жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қалыпты сақтау және гемопоэтикалық функцияны (қан құрамының тұрақтылығына жауап беретін дене мүшелері жүйесі - еск.) ретке келтіру үшін қажет болатын аминқышқылдары бар. Сонымен қатар, бұл өнімде Р және В дәрумені бар", - деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігер анар шырыны 50 жастан асқандарға пайдалы екенін, ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіретінін атап өтті. Қан сұйылуы үшін қызылша шырыны да пайдалы, бұл сусын липидтердің құрамын қалыпқа келтіріп, артық холестеринді жояды.

Ж. Қадыржанова