Блогер Айжан Байзақова жол апатына ұшырады

Блогер Айжан Байзақова жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиғаның видеосы kris.p.almata Instagram-парақшасында жарияланған.

"Блогер Айжан Байзақова Tesla-мен соқтығысты. Байзақованың сөзінше, олар жолда ауырып қалған жүргізушіге көмектескісі келген. Бірақ нәтижесінде өздері зардап шеккен", - делінген видеода.

Сондай-ақ, блогер видеода оқиғаның мән-жайын түсіндірген.

"Адамға көмектесуге тоқтадық. Жүрегіне байланысты проблема болды. Ол газды басып жіберді, өйткені жағдайы нашар еді", - деді ол.