Жетісу облысында алты жасар баланы трактор басып кетті

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында трактордың тіркемесінің астына алты жасар бала түсіп қаза тапты, - деп хабарлайды Мassaget.kz облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 24 шілде күні кешкі уақытта 50 жастағы ер адам бала тұратын үйге трактормен шөп әкелген. Ересектер шөп орамын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына кіріп кеткен. Көлік қозғала бастаған кезде баланы тіркеменің дөңгелектері мыжып кетті.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігі (абайсызда өлім келтіру) бойынша қылмыстық тергеу басталды. Мұндай жағдайларда қажетті сараптамалар тағайындалады", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.