Ресейде ер адамды шошқалар тістеп өлтірген

Иркутск облысы Усольский ауданы Тельма ауылының тұрғыны шошқа шабуылынан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, жануарлар оның жер учаскесіне кіріп кеткен. Жануарларды қумақ болған үй иесін шошқалардың бірі аяғынан тістеп алған.

Ер адам ауруханада көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Жергілікті прокуратура аталған дерек бойынша үй жануарларын ұстау ережелерінің қаншалықты сақталғанын тексеріп жатыр.