Ақтауда 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалар жұртты шошытты

Ақтауда 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалар жұртты шошытты

Ақтауда 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалар жұртты шошытты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Полицейлер көпқабатты үйдегі пәтердің бір терезесінен шығып, үйдің сырт қабырғасындағы шығыңқы жер арқылы екінші терезеге кіріп-шығып жүрген балалар туралы видеоны тексеріп жатыр.

Оқиға Ақтау қаласындағы 32 "б" шағынауданында орналасқан "Атакент" тұрғын үй кешенінде болған. Терезеден кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түсіп, куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

"Видео әлеуметтік желі арқылы кеңінен тарады. Оқиға 25 шілдеде сағат 10-нан кете болған. Естуімше, балалардың анасы дүкенге кеткен", - дейді осы үйдің тұрғыны.

Г. Досымшалова