Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясынан өрт шықты, зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясынан өрт шықты, зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда газ құю станциясының ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілдеде сағат 22:05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел түрде жіберілді.

Өртсөндірушілер онда жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқан. Сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды.

Ал жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша, өрттен төрт адам зардап шеккен. Өртсөндірушілер өртті сағат 00.05-те ауыздықтады.

Г. Досымшалова