Түркістан тұрғыны асфальттің үстіне жұмыртқа қуырды

Түркістан тұрғыны асфальттің үстіне жұмыртқа қуырды

Желіде Түркістан тұрғыны асфальттің үстіне жұмыртқа қуырғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Күннің ыстықтығы соншалық, видеодан жол үстінде бірер минут тұрған табадағы май әп-сәтте қызып, жұмыртқаның піскенін көруге болады.

Расында, кейінгі аптада өңірде ауа температурасы 40-45 градустан түспей тұр. 

Қатты ыстықтан "Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа" күре жолының бір бөлігінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кеткен.

Мамандар осы аптада да ыстықтың беті қайтпайды деп отыр. 

Г. Досымшалова