Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір кенші өлі табылды

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір кенші өлі табылды

Ақмола облысы Бестөбе кенішінде заңсыз қазба жұмыстарымен айналысқан тағы бір кеншінің денесі табылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Үш адам 600 метр тереңдікте жұмыс істемей тұрған шахтадан табылды. Табылғанда олардың бірінен тіршілік белгілері байқалмаған, ал қалған екеуі тірі. Біреуінің жағдайы ауыр. 

Олардың ешқайсысы Бестөбе кенішінің жұмысшысы емес. Үшеуі де осыған дейін күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ұсталған азамат барлығының алтын кенін заңсыз өндірумен айналысатынын мойындады. Оның айтуынша, оның сыбайластарын тас басып қалған. Біреуі сол жерде қайтыс болған, екіншісі ауыр жарақат алған (сынықтар, көгерген).

Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Г. Досымшалова