Дженнифер Лопес туған күнінде фотосессияға жалаңаш түсті

Танымал кино актриса, әнші Дженнифер Лопес туған күнінде Instagram-парақшасына ерекше видеолар жариялады, - деп хабарлайды TengriMIX

Әнші 53 жасқа толған туған күнін өзінің JLo Beauty компаниясының JLo Body брендіне жаңа косметикалық өнімдер шығарып, атап өтуді шешкен.

Ол жаңа фотосессияда денеге арналған өнімдер қалай әсер ететінін көрсетуді ұйғарған. Дженнифер Лопес жарнама постеріне жалаңаш түскен.

Дженнифердің жанкүйерлері жағымды пікірлер жазған:

"Туған күніңмен", "Жердегі ең әдемі әйел", "Туған күніңмен, қайталанбас әрі ерекше жан", "Жердегі ең кереметі", "53 жасыңда патшайым болып қала бересің", - деп жазған олар.