Доллар бағамы 7 теңгеге түсті

Доллар бағамы 7 теңгеге түсті
Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 23-25 ​​шілдедегі ресми бағамы 483,88 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар құны - 477,86 теңге, сатылымда - 482,32 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,39 теңгеден сатып алынып, 481,55 теңгеден сатылып жатыр.

Ж. Қадыржанова