"Қалай екен?" Әнші Мадина Сәдуақасова сынағандарға жауап берді

"Қалай екен?" Әнші Мадина Сәдуақасова сынағандарға жауап берді

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz

Айта кетейік, Абу-Дабиде жазғы демалысын өткізген әншіні оқырмандары шомылу киімімен суретке түскені үшін сынап тастаған болатын. 

"Кім суға түспей, кім кимей жатыр купальникті? Ел алдында жүрген адам болғасын, жасыңыз келгесін (мойындау қажет), ашық түскен суреттерді ел алдына шығарудың қажеті жоқ. Өзіңіз қоғамның талқысына салып отырсыз, енді не дейсіз?", "Не десең де о де, жалаңаш суреттерің болмады, ал былай жақсы көретін әншімсің ғой", "Негізі, демалуға емес фотосессия жасауға барған сияқтысыз ғой. Жолдасыңыз бен балаңыз қайда?", - дейді әншінің оқырмандары. 

Ал бүгін әнші көйлекпен теңізге түскен видеосын жариялап, оқырмандарына жауап берді. 

"Көйлекпен суға түсіп көрдім… "Қалай екен?" деп сұрасаңызшы…", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Сонымен қатар, әнші жақсы демалғанын айтады. 

"Жаным, тәнім, көзім де демалды. Теңіз, әдемі қонақүй, түрлі тағам, хош иістер, музыка… Жұрт құсап тыныш келіп, тыныш кету деген бұйырмады маған тағы. "Сәдуақасова теңіз жағасында купальникпен жүр екен, үстінде жейде, басында орамал!" деген жаңалықтың өзі жаңалық емес қой, негізі. Сөйтсе, біреу, "ең болмаса арық болса екен" деп жазып қойыпты парақшасына әлдилеп салып. Ол кісінің түсінігі бойынша тек арық қыздар суға купальник кию керек. Қасқа, Абу-Даби, не қылдың! Елге қайттым, жұмыс көп, жаңа әндерім шығады...", - деп жазды әнші. 

С. Сатыбалдина