Қазақстандық танымал блогердің екінші қызы дүниеге келді

Қазақстандық танымал блогердің екінші қызы дүниеге келді

Қазақстандық танымал блогер, актер, әрі продюсер Мақсат Мамраимовтың екінші сәбиі дүниеге келді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Қуанышты хабарды актердың өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"+1 Мақсатқызы. Аты - Амилай болсын. Ойнап айтамын", - деп жазды ол.

Актердің келіншегі оған тағы да қыз бала сыйлаған. Өнер иесі сәбиімен перзентханада алғаш кездесуінен сурет жариялап, қалың көпшіліктен сүйінші сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mamraimov Maxat (@maks_braat)

Желі қолданушылары жұлдызды әкені құттықтап, ақ тілектерін білдірді.

"Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болсын", "Құттықтаймыз. Сіздер үшін қуаныштымыз. Балаларыңыз көп болсын", "Қос қызғалдағыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Енді қыздардың артынан ұл ерсін", "Қандай керемет жаңалық. Сәбиіңіздің дені сау, жолы ашық болғай", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл Мақсат Мамраимовтың екінші перзенті.

Г. Досымшалова