Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Қылмыстық топ мүшелерін Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ұстады. 

"Қылмыстық топ құрамында деструктив ағым жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет екі адамнан ақша бопсалаған. Жедел іс-шара өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің "Бопсалау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Олардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.