Ақтөбеде малшыға найзағай түсті

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында малшыға найзағай түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 24 шілдеде сағат таңғы 08:00 шамасында болған. Осы сәтте 41 жастағы ер адам далада мал бағып жүрген.

"1981 жылы туған тұрғын Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.