Ақтөбеде малшыға найзағай түсті
![Ақтөбеде малшыға найзағай түсті](/userdata/news/news_69785/image_l.jpg)
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында малшыға найзағай түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 24 шілдеде сағат таңғы 08:00 шамасында болған. Осы сәтте 41 жастағы ер адам далада мал бағып жүрген.
Г. Досымшалова"1981 жылы туған тұрғын Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.