Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен - Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді", - делінген хабарламада.