"Барселона" "Реалды" жеңді: Левандовски дебютін өткізді

"Барселона" "Реалды" жеңді: Левандовски дебютін өткізді
Фото: Фото: Reuters

"Барселона" жолдастық кездесуде мадридтік "Реалдан" басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп, 1:0 есебімен каталониялықтардың жеңісімен аяқталды.

Жалғыз голды 27-минутта Рафинья соқты.

Айта кетейік, бұл матчте "Барса" сапында поляк шабуылшысы Роберт Левандовски дебютін өткізді. Ол негізгі құрамда ойнады, ал 46-минутта оның орнына Пьер Обамеянг алаңға шықты.

Е. Төлеш