Президент Сауд Арабиясына ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы - Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін әуежайда корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ, Сауд Арабиясы Корольдігінің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.

23-24 шілдеде Сауд Арабиясы Королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.