Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеген.

"Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамырда сот санкциясымен қамауға алынған еді.

Оған қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.