Дәрігер Қазақстандағы коронавирустың жаңа толқыны несімен ерекше екенін айтты

Дәрігер Қазақстандағы коронавирустың жаңа толқыны несімен ерекше екенін айтты

Коронавирус биыл жазда жеңіл әрі тез өтіп жатыр. Алайда бір сорақысы - оның тез жұғуында. Бұл туралы Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утағанова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz "Вечерний Алматы" басылымына сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, ковидке қарсы стратегия және вакцинация секілді алдын алу шарасы - COVID-19-ды жеңудің негізгі жолы. Оның сөзінше, биыл жазда коронавирус жұқтырудан қорқудың қажеті жоқ. 

Коронавирус мутацияланған кезінде өкпе тініне ену қабілетінен ажыраған, омикрон штамы көбіне жоғарғы тыныс жолдарына әсер етіп, аурудың ауыр ағымын тудырмайды.

"Салыстырмалы түрде былтырғы және биылғы жаздағы жағдайды айтайық. Қазір тарап жатқаны омикрон. Ауру әлдеқайда жеңіл өтеді. Иә, былтырмен салыстырғанда биыл дене қызуы қаттырақ көтеріледі.

Жедел респираторлық вирустық инфекция ретінде дамиды. Өкпе зақымдануы өте сирек жағдайларда байқалады. Инкубациялық кезең қысқарған, ауру жұқтыру көбейген, бірақ аурудың өту уақыты жеті күнге дейін азайды. Бүгінде көбіне амбулаторлық деңгейде, яғни үйде емделіп жатыр", - деп түсіндірді дәрігер.  

С. Сатыбалдина