Шымкент полициясының өзіне қол жұмсамақ болған баспасөз хатшысы жұмысына оралды

Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева жұмысына оралды, - деп хабарлайды Elitar.kz.

Басылым мәліметінше, ол өз лауазымына - ПД ресми өкілі, ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы қызметіне келген. Бұл туралы өзі айтқан.

"Шынында да, мен кешеден бері жұмыстамын. Өз лауазымымда", - деген ол.

Сонымен қатар, ол дәрігерлер жұмысқа шығуына қарсы екенін жеткізген. Мөлдірдің айтуынша, қазір Департаментте республикалық комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия оның ісін тергейді.

Еске салайық, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған еді. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Ол жазбада мұндай қадамға баруына қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, оған Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистерді "тамақтандыруды" ұсынған көрінеді. Бекееваның айтуынша, бұдан бас тартқаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасқан.