Жетісу облысында Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіші қиратылды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қиратылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Соғысқа қатысқандардың аты-жөні жазылған тақтайшалар ұсақ бөлшектерге бөлінген.

 

"Бүгінгінің мұңды көрінісі. Аудан басшысы бейбіт өмір сүруге және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік берген жерлестерінің ерлігін ұмытса, маңызды әлеуметтік мәселелерді қалай шешеді?" - дейді жергілікті тұрғындар.

Әкімдік өкілдері мәселенің мән-жайын біледі, бірақ ескерткіштің неліктен аянышты күйде екеніне жауап бермеген. Тек жөнделетініне сендірген.

"Шаған ауылындағы ескерткіш Кербұлақ сотының шешімімен ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық меншігіне берілді. Қазір Әділет органдарында тіркеуден өтіп, мемлекеттік акт дайындалып жатыр. Осы рәсім аяқталғаннан кейін құжаттаманы заңдастыру үшін айтылған нысанды жөндеуге қаражат бөлуге өтінім беріледі", - деді Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Ескерткішке қашан жөндеу жұмыстары аяқталатыны әзірге белгісіз.